Жаңалықтар

Талдықорғанда мұсылман зираты су астында қалды

The final spritzer

Сенбі күні Талдықорған маңындағы Еңбек ауылының тұрғындары мұсылман зираты аумағының су астында қалғанын айтып, дабыл қақты. Бұл зират қала аумағына кіреді.

Тұрғындардың айтуынша, әсіресе жақында жерленген бейіттер қатты зардап шеккен. Кейбір адамдар ескерткіштердің және мәйіттердің су астында қалу қаупі барын мәлімдеп, жергілікті биліктен жедел шара қолдануды сұрады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Осы жағдайға байланысты Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми аккаунтында Өтенай ауылдық округінің әкімі Руслан Малтаевтың түсіндірмесі жарияланды.

Жетісу облысы әкімдігінің ресми ақпаратына сәйкес, су тасқынының алдын алу шаралары аясында 2 372 км арық жүйесі, 768 км канал,
3 389 су өткізу нысаны тазартылды. Елді мекендерден 21 мың м³ қар шығарылды.

Су тасқынына қарсы дайындық барысында 572 техника, 201 мотопомпа, 31 қайық әзірленді.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда тұрғындарды қабылдай алатын 235 эвакуациялық пункт дайындалған. Су тасқынына қарсы шараларға 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.