Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев даңғылының атауы өзгертілуі мүмкін

Талдықорғандағы Назарбаев даңғылының атауы өзгертілуі мүмкін

Талдықорғанда қоғам белсенділері жергілікті биліктен Назарбаев даңғылының бұрынғы атауын қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 30 қарашада Талдықорған қоғамдық кеңесінің мүшелері облыс әкімдігі мен мәслихатына хат жолдап, онда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы даңғылдың атауын өзгертуді сұрады. Хатта бұрынғы «Тәуелсіздік» атауын көшеге қайтару керектігі айтылған. «Иә, шынымен де өтініш түсті. Ол заң аясында қаралады», - деп хабарлады облыстық мәслихат аппаратының басшысы Аманжол Жазықбаев. Еске сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында қалалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен Талдықорғандағы ең ұзын көшелердің бірі саналатын Тәуелсіздік орталық көшесі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді. Ұзындығы 6,8 шақырым болатын көше Еркін елді мекенінен Жалайыр даңғылына дейін созылып жатыр.