Жаңалықтар

Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді

Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жетісу облысында Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.