Talgo вагондары «Жолаушылар тасымалы»АҚ-ға берілді

0 19

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жолаушылар тасымалына арналған «Тұлпар» отандық вагон жасау зауытының 62 «Тальго» жүрдек жеңіл вагонын сатып алу мәмілесін қаржыландырды.

 

Ыңғайлы вагондарды сатып алу және одан әрі қаржылық лизингке беру жолаушылар вагондарының паркін жаңарту мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

 

Жаңа вагондар аласа платформаларға шығуға арналған көтергіштермен, қозғалмайтын және тасымалданатын баспалдақтармен, жиналмалы үстелдермен, температураны жеке бақылауға арналған құрылғылармен, душ кабиналары бар ванна бөлмелерімен жабдықталған және жолаушыларды қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдау үшін барлық талаптарға жауап береді.

 

Көліктер Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша жүреді.

Жоспарланған жолаушылар ағыны жылына 290 мың адамды құрайды.

Жеткізілген вагондарға қызмет көрсету үшін 228 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.