Талибан әйелдерге жаңа талап қойды

0 6

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» ұйымы университет пен колледжде оқитын әйелдерге сабақ кезінде ниқаб (беті жабылған мұсылман бас киімі) киіп жүру туралы бұйрық берді.

Интерфакс жазуынша, бұл шешімді Талибан қозғалысы Ауғанстанда басталатын жаңа оқу жылы қарсаңында жариялады.

Бұл жағдайда сабақ ерлер үшін бөлек, ал әйелдер үшін бөлек жүргізілуі керек. Оған мүмкіндік болмаса, сыныптың қыздар отырған бөлігін пердемен қоршау керек.

Тәліптер студент қыздарға тек әйел оқытушылар немесе «тәртібі дұрыс» еркек ұстаздар сабақ бере алатынын мәлімдеді. Бұған қоса, білім ордасына кіру есігі де әйелдер мен еркектер үшін бөлек болуы керек. Сондай-ақ үзіліс кезінде де олардың жолы қиылыспауы тиіс.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.