«Талибан» жаңа үкіметті ұлықтау рәсіміне Қазақстанды шақырмады

0 4

«Талибан» қозғалысының мүшелері Ауғанстанның жаңа өтпелі үкіметін ұлықтау рәсімін 11 қыркүйекте өткізеді.

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Дереккөз мәліметі бойынша, «Талибан» жаңа министрлер кабинетінің ашылу салтанатына алты елдің өкілдерін шақырған.

«Рәсімге әзірге Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан мен Иран шақырылды», дейді ақпарат көзі.

Сондай-ақ Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары молда Абдул Ғани Барадар сәрсенбіде басқа да бірқатар штаттардан делегация шақыру үшін Катарға барғаны айтылады.

Бұл күні Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы белгілі болған еді. Оны «Талибан» қозғалысының алғашқы билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және БҰҰ санкцияларында болған Мохаммад Хасан Ахунд басқарады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.