Танымал рэпер Snoop Dogg Кешью тобымен бірлесіп ән жазды
Өнер иесінің арқасына Баян Алагөзова шапан жапты
Продюссер Баян Алагөзова өз тобымен бірге Америка Құрама Штаттарында жүргені белгілі болды. Кешью тобы әлемге әйгілі рэпермен ән жазған , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жақында 52 жастағы музыкант қазақстандық Кешью тобымен Лос-Анджелестегі өз студиясында ән жазды. Аңызға айналған әртіспен келіссөздерді продюсер Баян Мақсатқызы жүргізді, - деп журналист Динара Сәтжан парақшасында жазды.
Әлеуметтік желідегі бейнежазбаға зер салсақ, Баян Алагөзова рэпердің арқасына шапан жапқан. Динара Сәтжан әнші Эйкон да Астанадағы концертте шапанын шешпей ән шырқағанын еске алды.