Жаңалықтар

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет министрлігі растады. Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болып еңбек еткен еді.