Жаңалықтар

Танымал жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

The final spritzer

Қаралы хабар туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желіде жазды.

Қазақстандық танымал жазушы, драматург, сценарист Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әкім Уртайұлы Әшімов (әдеби бүркеншік есімі – Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол — белгілі жазушы, драматург және сценарист. 1999 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2021 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған. Сонымен қатар әдебиет және өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.