Жаңалықтар

Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Қоғамдық көліктер №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсететін болады

Қытай Халық Республикасында өндірілген 16 бірлік TEG маркалы көліктер «Автобус паркі -2020» ЖШС –не жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкмідігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа автобустар №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсететін болады.   Өндіріс орны Қытай Халық Республикасы, отыратын орын саны – 34, ұзындығы 9,5 метр. Жалпы, «Автобус паркі-2020» ЖШС-гі  9 бағыт бойынша (№11, 28, 34, 38, 46, 54, 55, 60, 61 маршруттар) 100 % алмастырылған.  .

Айта кетейік, жалпы қалаға ағымдағы жылы 133 бірлік автобус жеткізіліп, жоспарлы 70 бірлік автобус алу бойынша меже артығымен орындалған. Қала билігі жыл соңына дейін қосымша 42 бірлік автобус жеткізуді жоспарлап отыр.