Жаңалықтар

Тараз қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті

Тараз қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті

Бұл туралы Нұрбол Қалдыбаев фэйсбук желісінде жазды. Құрметті қала тұрғындары! Он сегіз жылдай мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп келдім. Соның ішінде бір жарым жылға жуық Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінде құрылыс пен коммуналдық салаға жетекшілік еттім. Жауапты кезеңдерде халықтың игілігі және олардың өмір сапаларының жақсаруы үшін бірқатар нәтижелі жобаларды жүзеге асырдық. Көптеген жобалардың сәтті іске асуына қала тұрғындарының қолдауы мен әріптестерімнің демеуінің көп көмегі тиді. Қала тұрғындарының сұраныстары мен пікірлерін әрдайым назарымда ұстап, орындалуы бойынша көптеген жұмыстарды да бірлесе атқардық. Осы кезеңде де әріптестерімнен, қала тұрғындарынан, жалпы жұртшылықтан көп тәжірибе жинақтап, шеберлігімді де арттырдым. Әр істің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Бүгіннен бастап қызметімді тоқтатуға шешім қабылдадым. Маған қашанда батасын беріп, ақыл-кеңесін аямаған ардагерлеріміз, ескертуімен қатар еңбегімізді бағалап, қолдағандар көңілдің төріндесіздер! Сенім артып, қолдау білдіргендеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен Алғысымды білдіремін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Ел игілігін еселеу жолындағы еңбектеріңіз әрқашан да табысты болсын. Жеңісті күндерде жолығайық, құрметтілерім!