Жаңалықтар

Тараз қаласында "Мамыр-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

Тараз қаласында "Мамыр-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

Ағымдағы жылы 26 мамырда Тараз қаласында "Мамыр-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді. Іс-шара барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығу жұмыстары аясында арнайы жедел топ кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестерді бейтараптандыру операциясын өткізді. Жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды. Іс-шараға атсалысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлерді ауыздықтау бойынша өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетті. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ ШТАБЫ