Жаңалықтар

Тараз қаласында өрттен 10 адам эвакуацияланды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тараз қаласындағы 6-шы шағын ауданда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалын үлкен аумақты шарпымағанымен, қою түтін бүкіл кіреберіске тараған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өртті жылдам ауыздықтап, үйдің басқа бөліктеріне таралуына жол бермеді.

Өрт сөндіру кезінде баспалдақ арқылы 10 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.