Тараз полицейлері автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады

0 29

Тараз қ. ПБ жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды.

Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады.

Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.