Таразда 1000-ға жуық ағаш отырғызылды
Экологиялық шараға ардагерлер, кәсіпкерлер, жастар қатысты
Таразда “Жасыл желек – жердің көркі” атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, акция Ы.Сүлейменов көшесінен “Ұлы дала” ықшамауданына тіке өтетін жаңа ашылған жолдың бойында ұйымдастырылған.
Аталған акция барысында 1000-ға жуық ағаш отырғызылды.
Ағаш отырғызуға облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысқан.