Жаңалықтар

Таразда 2GIS жобасы іске қосылады

Таразда 2GIS жобасы іске қосылады

Таразда 2GIS жобасы іске қосылмақ. Халықаралық компания өзінің тиімді ақпараттық қызметін шаһарда 2021 жылдың қыркүйегінде қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. 2GIS - бұл мобильді, web және жұмыс үстелі қосымшаларында бар қалалық ақпараттық қызмет. Ол ұйымның анықтамалары мен қаланың нақты картасын біріктіреді. Осы кезеңде Тараз қаласы бойынша ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде (спорт және балалар алаңдары, саябақтар, көрнекті жерлер, демалыс және ойын-сауық орындары, киелі нысандар, қалалық көлік маршруттары, ұйымдар, үйлер және тағы басқалар). Айта кетсек, 2GIS әлемнің 11 елінің 400 қаласында жұмыс істейді, аудиториясы 55 000 000 астам пайдаланушыны құрайды. Пайдаланушылар 2GIS-те қала туралы толық, нақты мәліметтерді тегін алады. «2GIS Тараз» франшизасын «EsConsulting» ЖШС компаниясы сатып алды.