Таразда 36 жастағы ер адам туған анасын пышақтап өлтірді
Ол алкогольді ішімдік ішкен
Тараз тұрғыны анасын пышақтап өлтірді. Қанды қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 36 жастағы ер адам ішімдікке тойып алып анасымен жанжалдасқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ұрыс-керіс кезінде ол ас үйден пышақ алып, әйелдің кеуде тұсына сұққан. Жарақат алған жәбірленуші жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырыпты. Күдікті қамауға алынды.