Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп болды. Мұнда шаһар тұрғындары облысымыздың бес ауданынан келген табиғи өнім өндірушілердің тауарларын ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, мұнда жалпы құны 19,8 миллион теңгені құрайтын 34,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері жәрмеңке қатырынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды және экспорттауды арттыруды тапсырған еді.
Автор: Дамир Қанатов
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті