Жаңалықтар

Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Байрақты бәсеке кеше басталған

Тараз қаласында қазақ күресінен ересектерарасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіпжатқан бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төлкүресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды.

Білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның жәнеҚазақстан Республикасының еңбек сіңіргенжаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметтіазаматы Марат Нұрмұхамбетұлы Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осы орайда, Министр саналы ғұмырын ұлттықкүреске арнаған 

Марат НұрмұхамбетұлынаҚұттықтау хатын табыстады. Марат Жақыт – 20 жыл Қазақстан, 10 жылКСРО құрамасын басқарып, спортқа зор еңбексіңірген тұлға. Ол жалпы 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 спорт шеберін тәрбиелеген.

Айта кетейік, балуандар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.