Тараздық дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген.
Ауруханалардың бірінде емделушілердің туыстары, дәрігерлер науқастар тегін алуға құқылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымданады.
«Өзбекстаннан шығарылатын «Ремдесс» препараты біздің дәріханаларда болмағандықтан бөлім меңгерушісіне қоңырау шалып сұрадым. Бұл препарат еш жерде жоқ. Бізде бұл препараттың 1 бөтелкесі 19 мың тұрады. Ал бір курс алу үшін осының алтауы керек. Жаңа хаттамаға сәйкес, егер мемлекет коронавирус жұқтырған науқастарды емдесе, бұл ауруханаларда болуы керек», — дейді науқастың туысы Наталья Соборнова.
Әйелдің айтуынша, ол дәрі-дәрмектің тегін берілуі керек екенін білгенше ұзақ уақыт іздеген. Тараздағы ауруханаға ауыр жағыдайда түскен басқа науқастардың да туыстарынан да шағымдар түсіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық дәрі-дәрмек қоймаларда бар деп мәлімдеді.
«Бұл «Ремдесивир», «Метилпреднизолон» препараттары жеткілікті мөлшерде бар. Қазіргі уақытта «Метипред» 2800 данадан асады, ал «Ремдесивира» — 1924 бөтелке. Сондықтан мен бұл препараттарға тапшылық көріп отырған жоқпын», — деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова.
Басқарма тексеру жүргізуге уәде берді, және пациенттерден шағымдарында дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлейтіндердің нақты аттарын көрсетуді сұрады.