Таразда есірткіге қарсы футболдан турнир өтті

Жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар, алғыс хаттар табысталды.
Таразда есірткіге қарсы футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысының полиция департаменті жастардың дене белсенділігіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп, оларға ептілік пен икемділікті дамытатын топтық спорт түрлерімен шұғылдануды ұсынады. Нашақорлыққа қарсы күресте позитивті және салауатты альтернативті сақтау үшін тәртіп сақшылары әртүрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырады.
Таразда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері А.С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияда футболдан турнир өткізді. Сондай-ақ қалалық жастар ресурстық орталығы, "Жеңіс" тұлғаны трансформациялау орталығы ұйымдастырушылар қатарынан болды.
Қатысушыларға "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік жартылай қорғаушы", "Үздік шабуылшы", "Турнирдің үздік ойыншысы" номинацияларының жеңімпаздары атап өтілді.