Жаңалықтар

Таразда көпқабатты үй маңында жойқын газ жарылысы болды

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, жер астындағы газ құбыры жарылған.  

Жарылыс 5-ші шағынаудандағы №26 үйдің жанында болды. Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның себебі анықталуда.