Жаңалықтар

Таразда көпқабатты үйдегі өрттен 23 тұрғын эвакуацияланды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді

Бүгін таңертең Тараз қаласындағы Абай көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды дер кезінде ауыздықтады. Қауіпсіздік мақсатында жоғарғы қабаттардан 23 тұрғын, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері кезекшілік етті. Өрттен зардап шеккендер жоқ.