Жаңалықтар

Таразда көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Басқосуда сөз алған шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ақжарма тілегін арнады.

Марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына алғыс білдірді.

Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 ана «Алтын», 2 516 ана «Күміс» алқаға қол жеткізген.