Таразда карантин ережелерін бұзғандар жазаланды

0 4

Таразда карантин ережелерін бұзған үш бар анықталды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мобильдік топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуде шектеулерді сақтау бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуын бақылауды жалғастыруда.

Адамдар көп жиналатын орындар мен қаланың ойын-сауық орындары карантиндік шектеулерге қатысты ерекше бақылауда, олар бетперде режимі және әлеуметтік қашықтық талаптарының сақталуы тұрғысынан үнемі тексерумен қамтылып отырады.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қаланың бірнеше мекемесінде, атап айтқанда «Viber», «Х.О», «Game over» барларында карантиндік режимді бұзу деректерін анықтады, — делінген ақпартта.

Осы барларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жинақталып, бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық- эпидемиологиялық қызметке жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.