Жаңалықтар

Ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада өтті

Шара көру қабілеті төмен балаларды салауатты өмірге баулу және спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Таразда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп ұйымдастырған "Ұлттық спорт – ұрпаққа амаманат" атты аймақтық спартакиадасы өтті.

Шара Наурызнама онкүндігінің ұлттық спорт күніне орай №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушылары арасында өткізілді. Мақсат – зағип оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау және спорттағы жетістіктерге ынталандыру.

Спорттық шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, жарыс ережелері мен шарттары түсіндірілді. Жамбыл облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» спорт бөлімінің меңгерушісі Атоқозиев Ермек Жанқозұлы жарысты жүргізіп отырды. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, «Инклюзивті Ассамблея» жобасының өңірлік бас амбассадоры – «Шапағат» корпоративтік қорының басшысы Нұрматова Севара, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Нұрмашева Гүлнұр Омарқызы және №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты директоры Жақсылықова Ельмира Сауқынбекқызы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көру қабілеті төмен оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату және қол күрес спорт түрлерінен сынға түсті. Жарысқа 26 қатысушы қатысты. Балалар ой жүйріктігін, зерек зейінін және ойын жылдамдығын танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

Тоғызқұмалақ

І орын – Байгубек Шархат

ІІ орын – Бердібек Жансая

ІІІ орын – Әмірбек Мәншүк

Қол күрес (ұлдар)

І орын – Сейдахмет Досымжан

ІІ орын – Жолтай Рақым

ІІІ орын – Қдырбаев Еламан

Қол күрес (қыздар)

І орын – Изтилеуова Диана

ІІ орын – Айдарбек Жания

ІІІ орын – Неводиева Валерия

Асық ату

І орын – Тұрсынбек Дарын

ІІ орын – Болат Марлен

ІІІ орын – Мұхит Муслим

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, медальдар мен дипломдармен марапатталды. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ демеушілік сыйлықтарын табыстап, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, балалар өзара тәжірибе алмасты.