Таразда нан қымбаттады

0 1

Қазір ас атасы дүкендерде 90 теңгеден сатылып жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты өндірістегі жағдай тексерілген.

Мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар деген шешімге келіп отыр. Бағаның өсуіне солтүстік өңірдегі бидай мен 1-сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын ұстау мақсатында наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келді. Соның арқасында аймақта 2 жыл бойы нан құны 85 теңгеден аспады.

Төлебек Құлекеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

— Облыста өндірілетін бидай сапасы бойынша сәйкес келмейді. Сәйкесінше осыған байланысты облыстағы нан бағасы солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып келеді. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге көлемінде ұсталып тұратын болады. Бұл бағытта тұрақтандыру қорынан алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып, нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.