Жаңалықтар

Таразда «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» форумы өтті

Таразда «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» форумы өтті

Жамбыл өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» атты форум өтті. 

Жиынға азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың өкілдері, волонтерлер мен студенттер қатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бойынша бірінші орынбасары Дәурен Омаров салада атқарылған жұмыстарға тоқталып, келер жылдың бағыт-бағдары бойынша ақпарат беріп өтті. Ұйымдастырушы тарап мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау механизмдерін кеңінен қолдану, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттілігін айтып, жастар арасында нәтижелі жұмыс жасау туралы ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты асяндағы жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қоғамдық бақылау тетіктері мен волентерлік жұмыстар туралы сөз қозғалды. Форум барысында «Адалдық сағаты» аясында әзірленген «Даңқты балуан – Жақсылық Үшкемпіров» тақырыбында бейнедәріс көрсетіліп, «Өзгеден емес, өзіңнен баста» театрландырылған көрінісі қойылды. Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға елеулі үлес қосқан «Жаңару», «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік жетекшілері, қоғам белсенділері мен бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды.