Таразда республикалық айтыс өтуде
Таразда республикалық айтыс өтуде
Таразда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс басталды. «Баласағұн» орталық концерт залында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс басталды. Сөз барымтасына барлығы еліміздің әр өңірінен 20 ақын 10 жұп бойынша қатысуда. Сөз сайыс онлайн форматта өтуде. Алғашқы жұп болып жамбылдық Айтмұханбет Исақов пен қостанайлық айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев шаппа-шапқа түсті. Айтысты ақын, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жүрсін Ерман жүргізуде. Қазылар қатарындағы Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай бар. Сондай-ақ айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла, журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт және айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков сөз сайысқа баға беруде.