Таразда түзеу мекемесінде «Наурыз мерекесі» тойланды
Таразда түзеу мекемесінде «Наурыз мерекесі» тойланды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде Ұлыстың Ұлы күні аталып өтті. Жазасын өтеушілер бұл күні ән айтып, би билеп, ұлттық тағамдар әзірледі, салт-дәстүрлерді көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, шара барысында сотталғандар өз өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік алды.
- Сотталғандардың басым бөлігі мекемеде ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене қатысады. Мұндай іс-шаралар ұжымды өте жақсы біріктіреді. Әрине, әркімнің өзіне тән мінезі бар, соған қарамастан олар (жазасын өтеушілер) бірге жиналып, бәрін жасайды, - дейді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.