Жаңалықтар

Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

The final spritzer

Кәсіпорын жылына 20 мың гектар жерді тамшылатып суару жүйелерімен қамтуға қауқарлы

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтың қатысуымен Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Зауыттың құрылысына 2,8 миллиард теңге инвестиция салынды. Бұл жоба ауыл шаруашылығы секторында өндіріс тиімділігін арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге айтарлықтай үлес қосады. Қазіргі таңда зауытта 30 адам жұмыс атқаруда, ал кәсіпорын толық қуаттылықпен іске қосылған кезде жұмыс орындарының саны 60-қа жетеді.

Облыс әкімі зауыт басшысына өнім сапасын жоғары деңгейде сақтап, оны қолжетімді бағамен сатуды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысшыларды жергілікті тұрғындар арасынан алуды міндеттеді.

Жоба ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, аграрлық сектордың тұрақты дамуына жаңа серпін бермек.

 

Бақытжан Бекболат