Жаңалықтар

Таразда «Татулығы жарасқан, тәуелсіз ел Қазақстан» атты өнер фестивалі өтті

Фестивальде өзге этнос өкілдері бақ сынасты

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күні қарсаңында  өзге этнос өкілдері арасында өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Фестивальге орыс, неміс, украин, тәжік, татар-башқұрт этнобірлестігі, ұйғыр, грек қоғамы, қарашайбалқарлар қоғамы, күрділер этнобірлестіктері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезең бойынша қатысушылар ұлттық тағамдарды таныстырды. Екінші кезеңде өнер сайысы бойынша бақтарын сынады.

Фестивальге қатысқан барлық этно бірлестіктер Тараз қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды