«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: Жамбылда «Үлгілі аула» облыстық конкурсы өткізілді
Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да жалғасын тапты.
Осы ретте, облыс тұрғындарының қатысуымен бірқатар тазалық байқаулары өткізілді.
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараз қаласы Әулиеата ауданы №5 шағынауданында «Таза аула – таза қала» атты экологиялық байқау өтті. Шара аясында тұрғындар аулаларды күл-қоқыстардан тазартып, арнайы орындарға апарып төкті.
Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Талас ауданы Қаратау қаласында және Шу ауданы Шу қаласында «Таза аула», Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Таза қала» байқаулары ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биыл облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген. Ағымдағы жылы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жалпы 8,3 млрд теңге қаралған болатын. Бұл қаражатқа тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Облыс бойынша көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы жарияланып, 1 наурыздан басталды. Бұдан бөлек, наурыз-сәуір айларрында «TazaLike» іс-шарасы өткізіледі.
Жыл ішінде экологиялық акцияның шеңберінде «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі аула» облыстық конкурсы қайта өткізіліп, жеңімпаздарға комақты жүлделер табысталатын болады.