Тараздағы көпқабатты үйден 60 адам эвакуацияланды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді
Бүгін Тараз қаласының 2-шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің нәтижесінде 60 тұрғын, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер жалынды өрши түспей тұрып ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.