Жаңалықтар

Тараздағы NIS оқушылары 1000$ көлемінде грантқа ие болды

Тараздағы NIS оқушылары 1000$ көлемінде грантқа ие болды

  Тараздағы NIS оқушыларының UnApp Space стартап командасы «Techstars StartUp Weekend» конкурсында жеңіске жетіп, өз жобаларын дамытуға 1000$ көлемінде грантқа ие болды. Дамытылған жоба наурыз айының соңында Орталық Азия кезеңінде ел намысын қорғайтын болады, Байқауды Қазақстанның ең ірі стартап инкубаторларының бірі – MOST ұйымдастырды. «Байқаудың екі күнінде біз өз өнімімізді жетілдіру мақсатында тынымсыз жұмыс жасадық. Бүгінгі жеңісіміз – қазақстандық нарықта ірі EdTech компаниясын құру жолындағы тағы бір қадам болып отыр», – дейді жоба қатысушысы, 12 сынып оқушысы Саяжан Оңласын. UnApp Space – бұл автоматтандырылған режимде шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған платформа. Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлер Назарбаев Университеті жанындағы стартап инкубацияның екінші кезеңінен өтіп, өз өнімдерін түлектер арасында танымал етуге тырысуда.