Жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінде кезекті рет оқу-жаттығу өтті

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекті рет оқу-жаттығу жиыны өтті.

Бұл күні жеке құрам қызметкерлері «Дабыл» белгісі бойынша нормативке сай уақытта жиналып, кез келген төтенше жағдайларға дайындығын тағы бір рет пысықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиын барысында жадынама тізіміне сәйкес, ҚАЖ қызметкерлерінің арнайы сөмкелері тексерілді. Нәтижесінде анықталған кем-кетіктің орнын толықтыру қатаң ескертілді. 

Атап өтейік, мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар орын алған кезде жеке құрамның қызметтік шеберлігін жетілдіру, құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.