Таразда жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Азия Метал Проф» ЖШС директоры Дамир Бахроновпен кездесу өткізді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Жоспарлы жоба металлургия құрылысына арналған қара металды қайта балқыту, шаршы дайындамаларды өндіру және жұқа қаңылтыр мырышталған болат пен полимерлі болат өндірісіне негізделген зауыт салу көздейді.
Кездесу барысында тараптар электр энергиясы, инженерлік-көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Облыс әкімі инвесторға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіріп, экологиялық заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.