Таразда жалған құжатпен пәтер алған азаматшаға қатысты тергеу басталды
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті.
Жалған құжат рәсімдеу арқылы өзін мемлекеттік қызметші ретінде ұсынған Тараз қаласының тұрғыны мемлекеттен заңсыз баспана алғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде, ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.