Жаңалықтар

Таразда жасөспірімдер арасындағы қылмыс бойынша “Парасат” колледжі көш бастап тұр

Таразда жасөспірімдер арасындағы қылмыс бойынша “Парасат” колледжі көш бастап тұр

Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Мұхит Нысанбаев облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында айтты деп хабарлайды Жамбылинфо. Жиында өңір бойынша жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстар ең көп тіркелген оқу орындары баяндалды. “Атап айтсақ, “Парасат” колледжі - 19 қылмыс, “Болашақ” колледжі -7, “Аспара” колледжі - 5 қылмыс, “Қайнар” колледжі-2, Жамбыл медицина колледжі- 7 қылмыс, Жамбыл политехникалық колледжі -5 қылмыс”,- деді білім басқармасы басшысының м.а.