Жаңалықтар

Таразда жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Таразда жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Тараз қаласында «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған үш притон жабылды «Стоп-Трафик» жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде полиция қызметкерлері Тараз қаласында Сыпатай батыр, Исатай батыр және Бейбітшілік көшелеріндегі сауықтыру кешендерінде «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған үш притонды жапты. Жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 48 жастағы екі әйел мен 34 жастағы келіншек ұсталды. «Аталған деректерге қатысты Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі яғни жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматшалар кінәсін толықтай мойындады. Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 3 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 8 әйел қойылып отыр. «Стоп-Трафик» шарасы одан әрі жалғасуда»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.