Жаңалықтар

Тараздық оқушылар Мұхтар Мағауинді еске алды

The final spritzer

Бұл шара Дінмұхамед Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қолдауымен өткізілді.

 Таразда Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған «Мұхтар – қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.  Кештің мақсаты – Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын оқырмандарға таныстыру және жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыру болды, -деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Көсемәлі Сәттібайұлы мен Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Абилов қатысып, шараға ерекше қолдау көрсетті.

Кешке арнайы шақырылған 12 мектеп – гимназиясының  оқушылары «Бір атаның балалары» атты повесіне қойған көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты. Осы орайда Көсемәлі Сәттібайұлы жазушының шығармаларына шолу жасап, өзінің сүйікті повесі «Бір атаның балалары» екенін айтты.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, Мағауин шығармаларынан үзінділер оқып повестерінен көрініс қойды

 Ал кеш соңында ұйымдастырушылар мен көрініске қатысқан балаларға арнайы грамоталар мен сыйлықтар табысталды.