Жаңалықтар

Тараздық прокурор нанға түйіліп, қаза тапты

Қайғылы оқиға қаладағы "У Мамеда" дәмханасында орын алған

Тараздық аға прокурор Сергей Налыгачев 30 маусым күні жергілікті дәмхананың бірінде нанға түйіліп, артынша ауа жетпей көз жұмған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

«У Мамеда» дәмханасының әкімшісінің айтуынша, Налыгачев кафеге досымен бірге келіп, асқа тапсырыс берген.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм Сергей Налыгачев 20 жылдан астам Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет еткен білікті маман болған. 

Сондай-ақ, Жамбыл облысының прокуратурасының өкілі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өткен.