Тараздық құтқарушылар екі бүлдіршінді құлыптанып қалған пәтерден алып шықты
3 жасар және 6 айлық бала есігі жабылып қалған пәтерде қалып қойған.
25 ақпанда Тараздағы 15-шағын ауданда 3 жасар бала мен 6 айлық бала есігі жабылып қалған пәтерде қалып қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.
Шақыртуға 5 құтқарушы - Сахариев С., Кадыров Ж., Калмаханов А., Телеубаев Е., Тлеукулов Р. шыққан.
"Құтқарушы Рахат Тлеуқұлов альпинистік құралды қолданып 4-қабаттың терезесінен кіріп есікті ашып берді. Балалар анасына тапсырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.