Тәуелсіздік күніне орай Таразда үздік 4 ҚАЖ қызметкерінің ата-аналарына алғыс хат табыс етілді

0 23

Таразда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік ҚАЖ департаментінде қызметінде биік көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан ЖД-158/2 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Ерлан Оразгельдиев жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке-бірлік тіледі.

— Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығын қорғау жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналары қашанда құрметке ие. Сіздер ұл-қыздарыңызды Тәуелсіз елдің ертеңін ойлайтын азамат ретінде тәрбиеледіңіздер. Сол себепті де, сіздерге алғысым шексіз, — деді Е.Оразгельдиев.

Айта кету керек, бұл күні сондай-ақ дәл осы мекеменің бір қызметкеріне «Қылмыстық-атқару жүйесі үздігі» медалі табыс етілсе, бес қызметкер арнайы грамотаға ие болды.

Айгүл Жүнісова,
ЖД-158/2 мекемесінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.