Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды
Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды.
Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді.