Жаңалықтар

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қанша Қазақстан азаматы елге оралғаны туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, бүгінге дейін Таяу Шығыс өңірінен елге 9517 қазақстандық қайтарылған.

Сондай-ақ хабарламада өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста екені және қажетті қолдауды көрсетіп жатқаны айтылған.