«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында экологиялық акция жалғасып жатыр
Көктемде басталған акцияға облыстағы 800 мыңнан астам адам қатысқан
Акция аясында Тараз қаласының «Самал» мөлтекауданы №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айта кетейік, бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 1056 бірлік техника тартылған.