Теңге туралы қызықты деректер
Теңге туралы қызықты деректер
Теңге туралы бірқатар қызық дерекке назар аударайық: • Қазақстанның төл ақшасының атауын таңдауда үлкен тартыс болған, «алтын», «ақша», «таньга» (тенга) нұсқалары ұсынылған. Тіпті «сом» деп атау да ұсынылыпты. 1993 жылы Қырғыз Республикасы қырғыз сомын енгізіп қойған. Сондықтан валютамызды олай атамау туралы шешім қабылданған. Ал «теңге» терминін академик Сауық Тәкежанов ұсынған. • Теңгеміздің «18» санымен ерекше байланысы бар. Теңгені айналымға енгізугі қажет құжаттарды әзірлеуге 18 күн кеткен. Англияда басылған ұлттық валютамызды Қазақстанға жеткізу үшін 18 әуе рейсі жасалған. Оған қоса, төл теңгеміздің 18 қорғау дәрежесі бар екен. • Теңге әлемдегі ең «жылдам» валюта. Оған мынадай деректер дәлел бола алады: • Теңгенің дизайны бірнеше күнде ойлап табылған. • Валютаны айналымға енгізуге бір жылға жетер-жетпес уақыт кеткен. • Президенттің қаулысы шығып, 3 күннен кейін теңгенің айналымға енгізілген. • Кеңес заманынан қалған сомдар небәрі 5 тәулік ішінде теңгеге айырбасталған. • Купюралар Қазақстанның барлық банкіне 8 күн ішінде жеткізіліп болған. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qa/3092