Жаңалықтар

Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?

АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден асты

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне әсер еткен негізгі үш факторды атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.

Бірінші фактор – соңғы айларда жаһандық доллар индексінің нығаюы. 
Екінші фактор – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі. 
Соңғы маңызды фактор – Ресей рублінің әлсіреуі. 

Ресей негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу, олардың әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар, - деді министр.