Теңіз кен орнынан Каспий құбыры арқылы мұнай тасымалы үздіксіз жалғасуда

Бұл туралы Теңізшевройл компаниясы мәлімдеді
КҚК Қазақстан мұнайының 80%-ын шетелге тасымалдайтын негізгі маршруттардың бірі болып табылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Теңізшевройл компаниясының шикі мұнай өндірісі және оны Каспий құбыр консорциумына жеткізуі үздіксіз режимде жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Дүйсенбі күні Ресейдегі Кропоткинская мұнай айдау станциясы дрондар шабуылы салдарынан зақымданғаны белгілі болды. Осыған байланысты мұнай айдау көлемі төмендеген.
Ресейдің вице-премьері Александр Новактың айтуынша, станцияны қалпына келтіру бірнеше айға созылып, мұнай тасымалы 30-40%-ға дейін қысқаруы мүмкін.